Qazyr.kz порталы
Қазір

Қазақстанда Жасанды интеллект министрлігі құрылды

Қазақстанда жаңа Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті Жарлығына сәйкес, бұған дейінгі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қайта ұйымдастырылып, жаңа ведомствоға айналды. Ал инновациялық қызметке қатысты функциялар мен өкілеттіктер Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілді.

Жаңа министрлік цифрлық даму саласындағы құқықтар мен міндеттердің, сондай-ақ бұрынғы ведомствоға тиесілі өкілеттіктердің толық мұрагері болып саналады.

Құжатта Үкіметке бірқатар міндеттер жүктелген:

  1. Президент Әкімшілігімен келісім бойынша мемлекеттік органдар мен олардың бағынышты ұйымдарындағы штаттық бірліктерді қайта бөлу;

  2. Жарлықты іске асыруға қажетті өзге де шараларды қабылдау.

Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста медкомиссиядан өту үшін, касса алдындағы ұзын-сонар кезекті күту қажет

redaktor_qazyr

Қазақстан Президенті Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады

admin_qazyr

«Адам басына 1 дана ғана беріледі »Қазақстанда SIM карта сатуға шектеу қоймақшы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz