Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматыда 311 электрокөлік қуаттау бекеті салынады

2025-2026 жылдар аралығында Алматыда 311 электромобильдерді қуаттау бекеті ашылады деп хабарлайды Qazyr.kz.

Егер жоба толық іске асса, қаладағы қуаттау бекеттері 600-ден асады. Олар 8 385 электрлі көлікке  қызмет көрсетеді. Бұл жайлы «Такси Қазақстан 2025» форумында «Алматы ӘКК» АҚ жобалар департаментінің директоры Ұлан Өсербаев айтып берді.

Қуаттау бекеттерін салу үшін инвесторлар арасында конкурс өткізілген, 311 жер учаскесі ойнатылды.  Талап бойынша, бір учаскеге кем дегенде 10 млн теңге инвестиция салынуы керек.

«Қазір алты жеңімпаз анықталды. Олардың қатарында ірі компания өкілдері де, қызметін жаңа бастаған, нарықтағы орнын тауып жатқан шағын кәсіпорындар да бар. Жоспар бойынша, жоба 2025-2026 жылы пайдалануға берілуі керек», – деді Ұлан Өсербаев.

 

Ұқсас жаңалықтар

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 231 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

admin_qazyr

2025 жылдың басынан бері 3,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

admin_qazyr

Қазақстанда бүгіннен бастап жүргізуші куәлігін алу процесі қиындады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz