Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБілімЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қазақстандық мектептерде ашылған бейіндік сыныптарда 31 мыңнан астам оқушы кәсіби дағдыларды меңгереді

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Қазақстандағы орта білім беру ұйымдарында 1000 бейіндік сынып ашылуда, бұл сыныптарда 31 мыңнан астам оқушы білім алып, кәсіби дағдыларды игереді деп жоспарланған. Мұндағы мақсат – 9-11сынып оқушыларының еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына ерте бейімделуін қамтамасыз ету, олардың кәсіби бағдарын жүйелі түрде қалыптастыру және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

2025–2026 оқу жылында қазақстандық мектептерде техникалық және инженерлік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы және экология, көлік және логистика, қызмет көрсету, шығармашылық, мәдениет, медицина, әлеуметтік қызмет көрсету бағыттары бойынша бейіндік сыныптар жұмыс істей бастады.

Бұл сыныптардың мазмұны өңірлердің экономикалық ерекшеліктері мен кадр тапшылығы бар салаларға сәйкес қалыптастырылған. Жобаға жергілікті жоғары оқу орындары, колледждер мен жұмыс берушілер де белсенді қатысуда

Бейіндік сыныптардың бағытын оқу жылы ішінде екі рет өзгертуге мүмкіндік бар.

 

Ұқсас жаңалықтар

Түңілу

Redaktor Site

Қазақстан жолдары: сапаны бақылау күшейіп, цифрлық технология енгізілуде

admin_qazyr

ШҚО-да баспанаға мұқтаж азаматтарды тіркеудің жаңа жүйесіне көшу мәселесі талқыланды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz