Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Ұстаздар

Жалғызын алыстарға аттандырмай,
Жас ана қалатындай бақтан жұрдай.
Өзіндегі барының барлығын да,
Балаларға беретін түк қалдырмай.

Мұғалім, асыл ұстаз, ардақтылар,
Жүйріктен жүре келе саңлақ туар.
Қасиетті қолдарыңмен өздеріңнің
Көңіліне балалардың шам жақтыңдар.

Көңіліне сәбилердің күн орнатып,
Барасың болашаққа тура тартып.
Өзіңді бердің түгел туған елге
Не жақсылық істейсің бұдан артық.

Әр ісі, әр қимылың қалады есте
Жүректе арман оты жанады әсте.
Тәрбие, тәлім бергіш көңілменен
Шынында өмір сүру бақ емес пе.

Әй, өңкей бақыттылар, бақ сарайлар
Бар бол арман көкірек ақ самайлар.
Көрмеңдер жаманшылық ешқашанда
Данышпан жақсы апайлар, жақсы ағайлар.

Жол тапқыш ауырлықтан, қиыннан да,
Жол күткен жақыннан да, қиырдан да.
Баланың жүрегінде өмір сүру
Бақытты өздеріңе бұйырғанға.

Ұқсас жаңалықтар

1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық

redaktor_qazyr

Түс пен мінез

Redaktor Site

Жетісу облысы Достық ауылында жаңа білім ордасы есігін айқара ашты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz