Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірРуханият

Мемлекет басшысы «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапарының екінші күні «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды, деп хабарлайды Qazyr.kz Ақорданың ақпаратына сілтеме жасап.

Александр бағы аумағындағы мемориалға гүл шоғын қойғаннан кейін, бір минут үнсіздік жарияланды. Одан соң оркестр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады. Рәсім соңында Құрмет қарауылы қазақстандық ресми делегация алдында салтанатты шерумен жүріп өтті.

Бұл шара – екі ел арасындағы тарихи достық пен өзара құрметтің белгісі ғана емес, сонымен қатар, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлардың рухына тағзым ету нышаны.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Соғыс жылдары майданға 1,2 миллионнан астам қазақстандық аттанды, олардың жартысына жуығы ұрыс даласында қаза тапты. 500-ден астам отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісу облысында «Басқуат» жылу қазандығы базасында газ турбиналық станция салынуда

admin_qazyr

Президент Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовты қабылдады

admin_qazyr

Ұлттық құрылтай шешімдерін жүзеге асыру: Көкшетауда сарапшылар бас қосты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz