Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматыда “Таза Қазақстан” акциясы аясында қала тұрғындары, студенттер және оқушылар макулатура жинады

Алматыда экологияны жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтті. Шараға қала тұрғындары, 10-нан астам мектептің оқушылары және жоғары оқу орындарының студенттері белсенді түрде қатысты деп хабарлайды Qazyr. kz

Акция барысында қатысушылар қағаз, картон, журналдар мен басқа да қағаз қалдықтарын жинап, оларды қайта өңдеуге өткізді. Жиналған макулатура арнайы кәсіпорындарға жіберіліп, салфетка, кеңсе қағаздары секілді жаңа өнімдерге айналмақ. Бір ғана күннің ішінде 200 килограмнан астам қағаз қалдығы жиналды.

Жетісу аудандық жастар комьюнити-орталығының менеджері Сания Мусаипованың айтуынша, акцияның басты мақсаты – ел экологиясын қолдау және халықты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптауға үйрету.

«Бұл бастама халықтың экологиялық мәдениетін арттырады. Қағаз қалдықтарын сұрыптап тапсыру арқылы қоршаған ортаға келетін зиянды азайта аламыз», – деді ол.

Қала тұрғыны Нұржігіт Ісатай да өз үлесін қосып, 6,5 килограмм макулатура өткізгенін айтты. Оның сөзінше, қоқысты қайта өңдеу – табиғатқа жасалған қамқорлық.

Ұқсас жаңалықтар

Достық даңғылы жаңарады: Алматы жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін ыңғайлы болмақ

admin_qazyr

Атырауда Ата-аналар форумы өтті

admin_qazyr

Алматыда қамаудағы сатиралық парақша авторы Темірлан Еңсебекті қолдап пикетке шыққан журналистті полиция ұстап әкетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz