Qazyr.kz порталы
АймақБілімҚазірҚоғам

Атырауда Ата-аналар форумы өтті

Атырау облыстық білім басқармасының қолдауымен, Атырау облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы ҚБ ұйымдастыруымен Ата-аналар форумы өтті деп хабарлайды Qazyr.kz.
Форум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындаған «Отбасы – мектеп – мемлекет» үштігінің өзара үйлесімді әрекетінің маңызын тағы бір мәрте айқын көрсетті.

 

Шараның басты мақсаты – осы үштағанның бірлігін нығайта отырып, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді сіңіру, саналы әрі жауапты азамат тәрбиелеу.

Отбасы – баланың алғашқы тәрбиелік ортасы. Сыйластық, мейірім, жауапкершілік пен қамқорлық секілді құндылықтар ең алдымен отбасында қалыптасады. Сондықтан да баланың болашағы ата-ана, мектеп және мемлекет арасындағы тығыз әріптестікке тікелей байланысты.

Форум барысында тәжірибелі спикерлер бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, ата-аналармен ашық пікір алмасты.

Осындай тағылымды кездесулер қоғамдағы ата-ана мен мектеп ынтымақтастығын арттырып, ұрпақ тәрбиесіне жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

Қырғызстанда марқұм болған адамды өртеуге рұқсат беріледі

redaktor_qazyr

Алматының батыс бөлігі үздіксіз сумен қамтылады: 150 мың тұрғынды қамтитын жоба іске асуда

admin_qazyr

Ресей экономикасы ауыр стагфляцияның құрсауында қалуы мүмкін

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz