Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚазірҚоғам

Қазақстандық делегация Прагада өткен Дін бостандығы жөніндегі альянстың жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясына қатысты

Прагада Дін және наным-сенім бостандығы жөніндегі альянстың жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясы өтті. Оған Қазақстан делегациясы да қатысты деп хабарлайды Qazyr.kz

Іс-шара барысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов елімізде 2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің рөлі мен маңызын атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстанның конфессияаралық келісімді қалыптастыру және азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ету тәжірибесіне тоқталды.

Онлайн және офлайн форматта өткен іс-шараларға 40-тан астам елден 500-ге жуық адам қатысты.

Чех Республикасының Президенті Петр Павелдың қолдауымен өткен іс-шараға дипломатиялық корпус өкілдері, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан демократия, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері бойынша Ислам-Африка-Араб диалогына қатысты

admin_qazyr

Талғарда 16 жастағы жасөспірімнің өлімі:Хасанның ағасы Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды

redaktor_qazyr

Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдардың инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүргізілуде

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz