Qazyr.kz порталы
Аймақ

Алматыдағы Теректі шағынауданында 7000 тұрғынға арналған жаңа емхана ашылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев аудандағы медициналық инфрақұрылымды кеңейтіп, тұрғындардың медициналық қызметке қолы жететіндей ету үшін атқарылып жатқан шаруалар туралы баяндады.

2025 жылдың наурыз айында Қарасу шағынауданында ауысымына 200 адам қабылдай алатын алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы ашылды. Дәл осындай тағы бір орталық Саялы шағынауданында салынып жатыр. Оны биылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Ауданда екі үлкен стационар салу да жоспарланған:
• 300 төсектік көпсалалы ересектер ауруханасы,
• 200 төсектік перинаталдық орталық.

Қазіргі уақытта Теректі шағынауданының шамамен 7 000 тұрғыны Наурызбай ауданындағы №7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емханада медициналық қызмет алады. Қолжетімділік мәселесін шешу үшін 1,3 га аумақ бөлініп, осы жерде жаңа қалалық емхана салу ұсынылды.

Әкімнің айтуынша, медициналық нысандар желісін дамыту тұрғындарды сапалы қызметпен бірдей қамтып, қолданыстағы мекемелерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбылдық оқушылар АҚШ-тан жүлделі оралды

admin_qazyr

Жетісу облысында 43 елді мекендегі су тасқынының қаупі азайтылды

admin_qazyr

Алматыда Әуезов ауданында 13 көшенің жолы жөнделеді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz