Qazyr.kz порталы
Аймақ

Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев жол инфрақұрылымын дамыту барысы туралы баяндама жасады.

Қазір ауданда 86,4 шақырым болатын жол орташа жөндеуден өтіп жатыр. Ол жұмыс Шаңырақ-1, Шаңырақ-2, «14-территория», Ақбулак, Алғабас, Зерделі, «АЗТМ», Боралдай, Байбесік, Шапағат, Өжет, «Птицевод», Қарасу, Саялы-1, Саялы-2, Көкқайнар, Самғау, Төлебай сияқты 18 шағынауданды қамтыған.

Жөндеу жұмысы тамыз айында басталып, 172 көшені қамтыды.

Сонымен қатар, ауданда Боралдай және Рахат–Мәдениет шағынаудандарында Алматы қалалық мобильділік басқармасының тапсырысымен жаңа жол да салып жатыр. Тағы 45 көшеде шұңқырлар бітеліп, тегістеліп, 50 мың шаршы метр жол жабыны жаңартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда «Тұздыбастау» қосалқы станциясы пайдалануға берілмек

admin_qazyr

Алматыда жаңа су қоймалары мен инженерлік желілер құрылысы қарқынды жүріп жатыр

admin_qazyr

Алматылықтар бір айда 20 мыңнан астам қажетсіз киім тапсырды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz