Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат танытып, Қазақстанның негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі Еуропа Одағымен көпжоспарлы ықпалдастықты одан әрі нығайту маңызды екенін атап өтті.

Президент осыдан 10 жыл бұрын қабылданған кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім екі жақты-қарым-қатынастың айтулы кезеңі деп санайды.

Мемлекет басшысы Орталық Азия елдері мен Еуропа Одағы арасындағы белсенді және конструктивті диалогқа жоғары баға берді.

Эдуардс Стипрайс Еуропа Одағы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін мәлімдеп, екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі ықпалдастықтың қарқыны арта беретініне сенім білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда жүзеге асатын жаңа құрылыс нысандарының сәулеттік жобалары талқыланды

redaktor_qazyr

«Social Project Management» орталығы: өмірге қайта бейімделуге көпір болған жоба

admin_qazyr

Азамат Қалдыбеков — Алматы қаласы Бостандық ауданының жаңа әкімі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz