Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Азамат Қалдыбеков Бостандық ауданының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Qazyr.kz
Азамат Қалдыбеков 1984 жылдың 11 қазанында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Дьюк университетінде құқық магистрі дәрежесін алған. Сондай-ақ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін қорғаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының жетекші маманы ретінде бастаған. Әр жылдары ҚР Ұлттық банкінде, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында қызмет атқарған.
2018 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, кейін Жетісу ауданы әкімінің аппаратының басшысы болған. 2019–2020 жылдары қалалық Жер қатынастары және Жасыл экономика басқармалары басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдан 2024 жылға дейін Алатау ауданының әкімі қызметін атқарған. Соңғы уақытта Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын.
Айта кетейік, Азамат Қалдыбеков 2019 жылы Президенттік жастар кадр резервінің алғашқы құрамына енген.

