Qazyr.kz порталы
Аймақ

Алматыда жаңа туған тағы 600 сәби ерте оңалтудан өтетін болды

Алматы қалалық перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында 3 айдан 3 жасқа дейінгі ерекше қажеттілігі бар балалар осы заманғы халықаралық әдістеме бойынша ерте бастан оңалтудан өте бастады. Жаңа бағыттың іске қосылуының арқасында жыл сайын 600-дей бала ерте қалпына келуге мүмкіндік алып отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметі мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қалалық бөлімшесі ұйымдастырған баспасөз турында журналистерге жаңа орталықтың жұмысын, мамандар қолданатын әдістер мен көмекті кеңейтуге мүмкіндік беретін өзгерістер жағын таныстырды.

Өңірде баламасы жоқ, қаланың алғашқы «Қамқорлық» ерте оңалту орталығы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының  базасында 2025 жылдың тамызында ашылды. Аз уақытта мұнда 57 бала қолдау алды. Оңалту жағы толық МӘМС есебінен жүргізіледі, жеңілдік санатындағы балалар медициналық көмектің барлық түрін тегін алады.

Ерте араласу орталығының меңгерушісі Шамшигүл Құдажанованың айтуынша, орталық ДЦП, Даун синдромы, сөйлеу мен психомоторлық дамудың кешеуілдеуі, орталық жүйке жүйесінің перинатальды зақымы мен тірек-қимыл жүйесінің туа біткен ақауы бар балаларға бағытталған.

«Қамқорлық» орталығына жолдаманы ата-аналар тіркелген емханадан алады. Біз бала мен ата-анасын алғашқы қадамынан бастап қолдауға тырысамыз, ерте араласқанда дамуын да түбегейлі өзгертуге болады»,- дейді маман.

Орталық медициналық қана емес, әлеуметтік және білім беру жағынан қолдауға да ерекше назар аударған.

«Мұнда біз баланың дамуына, қабілетін ашып, айналасымен қарым-қатынас жасап үйренуіне мүмкіндік беретін кеңістік құрамыз. Абилитация, дамыту оқыту, когнитивті, моторлық және коммуникативтік дағдыларды жетілдіру арқылы біз балалардың үйлесіммен өсіп-жетілуіне жағдай жасап жатырмыз», – дейді балалардың медициналық психологы Әнел Жүнісова.

Мұнда шунгит пен тұзды бөлме, сенсорлық бөлме, сондай-ақ иммерсиялық ванна да бар. Әр балаға жеке бағдарламаны мультидисциплинарлық команда — невролог, реабилитолог, клиникалық психолог, неонатолог, физиотерапевт, ЛФК дәрігері, логопед және дефектологтар әзірлеп береді.

Мамандардың айтуынша, әсері алғашқы аптадан-ақ байқалып, балалар отыра бастайды, алғашқы қадамын жасап, сөйлейді, моторика мен коммуникация дағдыларында айтарлықтай ілгерілеу байқалады.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл Алматының негізгі капиталына 1,9 трлн теңге инвестиция тартылды

admin_qazyr

Алматыда Coventry University инженерлік кампусы ашылады

admin_qazyr

Жетісу облысында шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнім көлемі 15,2%-ға артты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz