Qazyr.kz порталы
Аймақ

Алматының Бас жоспарын түзетуде агломерацияның дамуы ескеріледі

Қаланың Бас жоспарын түзету жобасы бойынша өткен қоғамдық талқылаулар барысында қала мен спутниктерді кешенді дамыту және агломерациялық шешімдер арқылы Алматыға түсетін жүктемені азайту қажеттігі мәселесі көтерілді деп хабарлайды Qazyr.kz.

Тыңдауға қатысушылардың ұсынысына жауап бере отырып, «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты бас директоры Асхат Сәдуов агломерацияны дамыту және іргелес аумақтармен көлік байланысын күшейту шаралары Бас жоспарды түзету жобасында алдын ала қарастырылғанын айтты.

«Бас жоспарда агломерациялық даму моделі, оның ішінде Алатау қаласының дамуын ескере отырып айқындалған. Қалаға түсетін жүктемені азайту үшін күнделікті рельсті қатынасты, соның ішінде электр пойыздары арқылы қатынасты ұйымдастыру мәселелері пысықталып жатыр», — деді Асхат Сәдуов.

Оның айтуынша, рельсті көлікті дамытуға қатысты жекелеген жобалар Талғар қаласы бағытында да көзделген.

Аталған шешімдер агломерацияның бірыңғай схемасына енгізіліп, Алматы облысымен өзара іс-қимыл аясында іске асырылады.

«Алматыбасжоспарда» бұл шаралар мегаполистегі жүктемені жүйелі түрде азайтуға, полиорталықты даму моделін қалыптастыруға және бүкіл Алматы агломерациясы шеңберінде орнықты көлік желісін дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қорғаста Қытай мен Орталық Азия елдерінің халықаралық көрмесі өтті

admin_qazyr

Шағын өндіріс — Шығыс Қазақстан экономикасының драйвері

admin_qazyr

Түркістан облысында блогер бопсалау күдігімен ұсталды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz