Qazyr.kz порталы
АймақБілімҚазір

Алматыда студенттерге арналған дағдарыс орталығы ашылды

Алматы қаласында қиын жағдайға тап болған студенттерге көмек көрсету мақсатында жаңа дағдарыс орталығы іске қосылды. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты деп хабарлайды Qazyr.kz

Орталық М. Тынышпаев атындағы ALT университетінің №4 жатақханасында орналасқан және 55 орынға есептелген. Мұнда жастарға психологиялық, әлеуметтік қолдау көрсетіліп, уақытша баспана ұсынылады. Құпия кеңес беретін кәсіби психолог қабылдау жүргізсе, заңгерлік және медициналық көмекке жолдама алу мүмкіндігі де қарастырылған.

Жатақхана студенттердің жайлы тұруына толықтай жабдықталған. Сондай-ақ орталықта қауіпсіздік пен өзін-өзі дамытуға арналған тренингтер мен түрлі ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек бұл бастаманың жастардың әлеуетін сақтап қалуға ықпал ететінін атап өтті:

«Бұл тек уақытша баспана емес, студенттерге қиын кезеңнен шығуға көмектесетін орталық. Басты мақсат – жастардың білімін жалғастырып, өз болашағына сеніммен қадам басуына жағдай жасау», – деді ол.

Қаладағы барлық 35 жоғары оқу орнында Ахуалдық орталықтар жұмыс істейді. Олар студенттердің өтініштерін қабылдап, туындаған мәселелерін жедел шешуге көмектеседі. Сонымен қатар 22 тамыз күні Алматыдағы жатақханаларға арнайы мониторинг жүргізіліп, студенттердің тұрмыстық жағдайы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелер талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай Құнанбайдың жиырмасыншы қара сөзі

Redaktor Site

Күлаш Ахметова

Redaktor Site

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы тағайындалды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz