Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Әл-Фараби даңғылын көгалдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр

«Халық қатысатын Бюджет» бағдарламасы аясында Бостандық ауданында әл-Фараби даңғылының бойындағы аумақты абаттандыру жалғасуда, деп хабарлайды Qazyr.kz

Аудан әкімінің аппараты даңғылдың екі жағынан — оңтүстік және солтүстік жағынан суару жүйесін салу жөніндегі жобаны іске асырады, сондай-ақ орталық бөлу жолағын көгалдандыруды жүргізеді.

Көлік жүктемесін азайту үшін жұмыстар келесі кесте бойынша ұйымдастырылған:

08:00 — ден 12:00-ге дейін — әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында;

13:00 — ден 17:00-ге дейін — оңтүстік жағында.

«Жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі уақытта жұмыстар жүргізілмейді», — деп атап өтті аудан әкімдігінде.

Барлық жұмыстың болжамды аяқталуы ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланған.

Жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Олардың басты мақсаты — қаланың негізгі магистральдарының бірін барлығына ыңғайлы, әдемі және жайлы ету.

Сондай-ақ өткен айда бөлу жолағының бойына 300-ге жуық жаңа ағаш отырғызылғанын атап өткен жөн: газға, температураның өзгеруіне төзімді және ауаны тиімді тазартуға қабілетті 292 ірі қарағаш  қазір қалалық магистральды безендіруде.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Енді Kaspi.kz қосымшасы арқылы онлайн некеңізді тіркеуге өтінім бере аласыз

redaktor_qazyr

Қазақстан Түрікменстандағы «Галкыныш» алып газ кен орнын игеру жобасына қатысады

admin_qazyr

Жамбыл облысында қатардағы сарбаз соққыдан дем жетіспей , комаға түскен

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz