Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Алаяқтыққа қарсы күрес: SIM-карталар биометрия арқылы рәсімделеді

Қазақстанда азаматтарды мобильді және интернет-алаяқтықтан қорғауға бағытталған жаңа тетіктер енгізілуде, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Қабылданып жатқан шаралар байланыс саласындағы қауіпсіздікті күшейтіп, алаяқтық әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді. Негізгі жаңашылдықтардың бірі – ұялы байланыс операторларының Ұлттық Банктің Антифрод-орталығымен тұрақты өзара іс-қимыл орнатуы. Бұл алаяқтық мақсатта пайдаланылатын телефон нөмірлерін дер кезінде анықтап, жедел бұғаттауға жол ашады.

Күдікті қоңыраулар мен хабарламалар тіркелген жағдайда, байланыс операторлары абонент туралы мәліметтерді Антифрод-орталыққа жолдап, тиісті тексеру жүргізеді. Егер алаяқтық белгілері расталса, нөмір бірден бұғатталып, байланыс қызметі тоқтатылады.

Сонымен қатар абоненттік нөмірлерді рәсімдеу тәртібі нақтыланды. Жаңа талапқа сәйкес, бір адам жеке және отбасылық қажеттіліктер үшін онға дейін SIM-картаны тіркей алады. Ал одан көп нөмірді рәсімдеу нақты негіздеме болған жағдайда және олардың қандай құрылғыларда пайдаланылатыны көрсетілген кезде ғана жүзеге асырылады. Бұл шешім нөмірлерді жаппай тіркеу арқылы жасалатын алаяқтық схемалардың жолын кесуге бағытталған.

Абоненттерді сәйкестендіру талаптары да күшейтіледі. Енді SIM-карталарды рәсімдеу міндетті биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана мүмкін болады. Бұл талап бизнес құрылымдарға да қатысты: қызметтік мақсатта SIM-карта берілетін барлық қызметкерлер жеке басын растауы тиіс.

Міндетті биометриялық сәйкестендіру SIM-карталардың делдалдар арқылы заңсыз сатылу мәселесін шешуге де мүмкіндік береді. Нөмірдің қай жерде сатып алынғанына қарамастан, байланыс қызметі абоненттің жеке басы расталғаннан кейін ғана іске қосылады.

Жалпы алғанда, қабылданған шаралар телекоммуникация саласында ашық әрі қауіпсіз ортаны қалыптастырып, азаматтарды қаржылық және цифрлық алаяқтықтан қорғауға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Шерзат Болаттың ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды

admin_qazyr

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығына күдікті екі тұрғынды ұстады

redaktor_qazyr

Қоғамдық кеңес дұрыс жұмыс істеу үшін оның құрамы 100% қоғам өкілдерінен құралу керек

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz