Qazyr.kz порталы
Руханият

Колледж студенттері Мұқағали өлеңдеріне жан бітірді

Мұқағали Мақатаев

Бүгін Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған колледжішілік «Мұқағали оқулары» өтті.

Рухани шараның басты мақсаты студенттердің қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттырып, поэзия арқылы ұлттық рухты дәріптеу.

Байқауға колледждің 1-3 курс студенттері қатысты. Олар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, әдеби-сахналық қойылымдар арқылы көрерменнің жүрегіне жеткізе білді. Әрбір қатысушы Мұқағали поэзиясындағы өмірдің терең философиясын, адам тағдырын шынайы сезіммен өрнектеді.

Колледж директорының міндетін атқарушы Ғазиза Есболсынқызы байқаудың маңызына тоқталып: «Мұқағали – ұлттың жан дүниесін жырына сыйғызған ақын. Бүгінгі шара жастардың рухани әлемін байытатын ерекше алаң», – деді.

Байқаудың нәтижесі бойынша:

І орын – Әмір Балым (1 курс)

ІІ орын – Жеңісбек Балнұр (1 курс)

ІІІ орын – Калиев Нарболат (2 курс)

Жеңімпаз студент Әмір Балым өз әсерімен бөлісіп: «Мұқағали өлеңдерін оқу – үлкен жауапкершілік әрі терең ойлануға жетелейді. Осындай шаралар бізге рухани өсуге мүмкіндік береді», – деді.

«Мұқағали оқулары» – студенттердің әдеби талғамын қалыптастырып, сөз өнерінің құдіретін сезінуге бағытталған маңызды бастама. Ақын жырымен сусындаған бұл күн колледж жастарына ерекше рухани серпіліс берді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қашаған Күржіманұлы

Redaktor Site

Алмас Темірбай

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz