Qazyr.kz порталы
Қазір

Иран әскери элитасының екі қолбасшысы мерт болды

Иран

Иран Қарулы күштерінің жоғары басшылығында ірі шығын туралы ақпарат тарады. Әскери дереккөздерге сүйенген мәліметтерге сәйкес, Иран армиясының бас қолбасшысы генерал-лейтенант Әмір Хатами қаза тапты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Теһеран маңындағы жерасты бункеріне жасалған әуе соққысы кезінде Жоғары әскери кеңес отырысы өтіп жатқан. Шабуыл нәтижесінде Әмір Хатамимен бірге Иран армиясының жоғары құрамынан 40-тан астам офицер мерт болғаны хабарлануда. Ресми Тегеран әзірге бұл ақпаратты толық растаған жоқ.

Сонымен қатар Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) қолбасшысы Мұхаммед Пакпурдың да қаза тапқаны туралы мәліметтер тарады. Кейбір дереккөздер оның алғашқы соққы кезінде жойылғанын хабарлады. Бұл ақпаратқа қатысты да ресми растау толық жарияланған жоқ.

Қазіргі таңда Иран Қарулы күштерінің Бас штабының бастығы Мұхаммед Багери, Жоғары көшбасшының кеңесшісі Әли Шамхани және Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Акбар Ахмадианның тағдырына қатысты нақты мәлімет жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Варшавада «Польша — Қазақстан» сауда-инвестициялық форумы өтті

admin_qazyr

Ел экспортының 35%-ын шикізаттық емес тауарлар құрайды

admin_qazyr

Алматыда жол жөндеуге 30 млрд теңге бөлінді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz