Qazyr.kz порталы
Қазір

Дауыс беру ережелері: Алматыда заң талаптарын бұзғандарға шара қолданылады

Айгүл Халықова

Алматыда алдағы республикалық референдумда басқа адамның атынан дауыс берген азаматтарға айыппұл салынатыны ескертілді, деп жазады Qazyr.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова мәлімдеді. Оның айтуынша, дауыс беру кезінде кез келген мәжбүрлеу, алаяқтық жолмен басқа адамның атынан дауыс беру немесе бөгде бюллетеньді пайдалану заңға қайшы әрекет болып саналады.

«Егер мұндай заң бұзушылықтар анықталса, дауыс беруші азамат та, сондай-ақ осы бюллетеньді берген комиссия мүшелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деді Айгүл Қалықова.

Ол Алматы тұрғындарын дауыс беру тәртібін қатаң сақтап, өздерінің азаматтық құқығын заң аясында жүзеге асыруға шақырды. Бұл өз кезегінде референдумның ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында 5,5 мың орындық үш мектеп ашылды

admin_qazyr

Арыста мектептен үйіне қайтар жолда адасып қалған оқушы қыз табылды

redaktor_qazyr

Павлодар облысына өрттен 500-ден аса қой-ешкі өртеніп кетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz