Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Арыста мектептен үйіне қайтар жолда адасып қалған оқушы қыз табылды

Арыста мектептен үйіне қайтар жолда адасып қалған оқушы қыз табылды.Бұл туралы QAZYR.KZ Түркістан облысы ПД баспасөзіне сілтеп хабарлайды.

Түркістан облысы Арыс қаласында кешкі уақытта мектептен үйіне қайтқан 11 жасар оқушы қыз жолда адасып қалған.Анасы қызы үйіне келмегеннен кейін полицияға хабарласқан.

«Хабар түсісімен Түркістан облысының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп,11 жасар оқушы қызды жүруі мүмкін жерлердің барлығын түгел шолып шықты.

Тоқтаусыз жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде, жасөспірім қыз жарты сағат ішінде көшелердің бірінде адасып жүрген жерінен табылды.»,-делінге полиция мәлімдемесінде.

Белгілі болғандай, мектеп оқушысы жақында ғана отбасымен Шымкент қаласынан Арыс ауданына қоныс аударған. Содан күнделікті барып жүрген мектеп пен үй арасындағы жолдан адасып, басқа көшемен жүріп кеткен.

Қазіргі таңда жоғалып кеткен жасөспірім қыз үйіне қайтарылды. Қызымен аман-есен қауышқан анасы баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен Арыс ауданының полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыдағы референдум учаскелерінде ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ – бақылаушылар

admin_qazyr

Белгілі боксшы Бейбіт Шүменов сауда орталығында бала көтерген ер адамды соққыға жықты

redaktor_qazyr

Алматыда «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы өтті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz