Qazyr.kz порталы
Саясат

Экономикасы тұрақты елдер соғыс ошағында: Тоқаев қауіптің жақындағанын ескертті

Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде әлемде тұрақсыздық пен белгісіздік күшейгенін атап өтті, деп жазады Qazyr.kz .

Мемлекет басшысы «турбуленттік» термині қазір жиі қолданылатын саяси сипатқа ие болғанын жеткізді. Бұрын бұл сөзді ұшқыштар әуе кемесі қолайсыз аймаққа енгенде ғана айтатын болса, бүгінде халықаралық ахуал туралы пікір білдіретін саясаткерлер мен сарапшылардың негізгі терминіне айналған.

«Шын мәнінде, бүкіл әлем тұрақсыздық пен белгісіздік жағдайында өмір сүруге мәжбүр. Қазіргі онжылдықтың әр жылы алдыңғысынан күрделірек болып барады. Бұл құбылыс әлеуметтік желілерден айқын көрінеді. Онда ақиқат жалған ақпаратпен, конспирология арандатумен, қайғы-қасірет ойын-сауықпен астасып кеткен. Жасанды интеллект дәуіріне қадам басқан қазіргі әлемнің шындығы осындай», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, соңғы екі аптада әлем қауымдастығы өмірдің қаншалықты қауіпті, күтпеген әрі «турбулентті» бола түскенін анық көрді.

«Экономикалық жағынан табысты, тұрақты деген мемлекеттер бір мезетте жаһандық шиеленіске, анығында соғысқа араласып кетті. Бұл соғыс Каспий маңы мемлекетінде, яғни бізге жақын аймақта тұтанды», – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуы жаһандық қауіпсіздіктің негізін шайқап, әлемдік экономикаға кері әсерін тигізгенін атап өтті.

«Қазіргі күрделі жағдай белгілі мемлекеттер басшылары арасындағы сенім дағдарысы, ірі елдер мен блоктардың бөлінуі, бейбіт өмір сүру қағидаттарының бұзылуы, халықаралық құқықтың еленбеуі және БҰҰ беделінің бұрын-соңды болмаған деңгейде төмендеуінің нәтижесі болып отыр», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Президент өңірлер бюджеттерін мұқият жоспарлап, өз кірістерін арттыруға ерекше назар аударуы қажет екенін еске салды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Депутат,Әнипа Назарбаевадан зардап шеккен халықтың мұңын жеткізді

redaktor_qazyr

Ермек Көшербаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

admin_qazyr

Теңгені тұрақтандыру үшін Ұлттық банк Үкіметпен бірлесе әрекет етуі тиіс

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz