Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Ұлыбритания Украинаға әскери көмекті күшейтпек

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер биыл Украинаға бұрынғыдан да көп әскери көмек бөлінетінін мәлімдеді.

«Біз бәріміз соғысты тоқтатуға тырысамыз. Бірақ шындық сол – бейбітшілік күш арқылы келеді. Украина қорғанысын қолдау үшін барымызды салуымыз керек. Бұл – алдыңғы шепті тұрақтандыру, қажетті әскери техникамен және дайындықпен қамтамасыз ету деген сөз. Сондықтан Ұлыбритания биыл Украинаға бұрынғыдан да ауқымды әскери көмек көрсетеді», – деді Стармер.

Оның айтуынша, Ұлыбритания Украина қарулы күштерін қару-жарақпен және әскери дайындықпен қамтамасыз етуді жалғастырады. Бұл қадам Киевтің қорғаныс қабілетін күшейтуге және соғыстағы жағдайын тұрақтандыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет атом энергетикасын дамыту мәселелері бойынша сала мамандарымен кеңес өткізді

admin_qazyr

Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда

admin_qazyr

Түркістанға дүниежүзі қолөнершілері келді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz