Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Салық заңнамасы қаншалықты сақталуда?

Атырау облысы Исатай ауданы прокуратурасымен салық заңнамасының сақталуына талдау жүргізілді.

AtyrauPress тілшісі хабарлағандай, талдау нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері тарапынан мүлік салығын төмендетіп көрсету және уақытылы төлемеу негізінде Салық кодексі талаптарының жүйелі түрде бұзылу фактілері анықталды.

Атап айтқанда, 36 кәсіпкер коммерциялық объектілерді уақытылы бағалау және бюджетке тиісті төлемдерді аудару бойынша міндеттерін орындамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде мемлекет кірісіне 2,6 млн теңге өндіріліп, кінәлі тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Прокуратура органдарымен мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жалғастырылуда.

Ұқсас жаңалықтар

Дархан Сатыбалды инвестициялық штабтың кезекті отырысын өткізді

redaktor_qazyr

Жаңа Конституция білім сапасы мен цифрлық қауіпсіздіктің берік кепілі

admin_qazyr

«Дикий Арман сотталды»Арман Жұмагелдиевке үкім шықты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz