Qazyr.kz порталы
ӘмбебапЖаңалықтар

Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

QAZYR.KZ: Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды.

«Шетелдік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Абай облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады.

«Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тәжікстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде», — деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Ұқсас жаңалықтар

ШҚО-да жазғы туристік маусым салтанатты түрде ашылды

admin_qazyr

Қазақстандықтарға жасанды интеллект заңгерлік кеңес бере алады

admin_qazyr

Comic Con Astana фестивалінде 100-ден астам қазақстандық автор өз жұмыстарын көрсетеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz