Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

QAZYR.KZ:

Құрметті достар, әріптестер!

Сіздерді тәуелсіз еліміздің айбынды мерекесі — Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Қарулы күштеріміз егемен еліміздің тұтастығы мен бірлігінің, бүгінгі бейбіт өмірдің, жарқын болашағымыздың кепілі. Батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келе жатқан антына адал, сертіне берік жауынгерлеріміздің қалтқысыз қызметі жас ұрпаққа үлгі. Ел мүддесі үшін еңбек етіп жүрген, өр рухты, көк байрағымызды тік көтерген ел азаматтары аман болсын!

Тек әскери қызметшілерге ғана емес, еліміздегі барша ер азаматтарға ортақ осынау мерейлі мерекеге орай Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Ұқсас жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Түркістан облысын аралап, көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын тексерді

admin_qazyr

БҚО-да үйіне кеш келген әйелін күйеуі пышақтап өлтірді

redaktor_qazyr

Қазақстанның темір жол вокзалдары және станциялары бойынша анықтама алу нөмірі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz