Qazyr.kz порталы
ӘлемҚазір

Әйгерім Алтынбек Портофинодағы CLIP байқауының финалына өтті

Әйгерім Алтынбек XI Халықаралық опера әншілеріне арналған Портофино байқауында финалға өтті. Аталған байқау 2025 жылдың 22–27 шілде аралығында Италияда өтіп жатыр деп хабарлайды Qazyr.kz

CLIP байқауы алғаш рет 2015 жылы ұйымдастырылып, 32 жасқа дейінгі опера әншілері үшін ең беделді халықаралық додалардың біріне айналды. Қазылар алқасының құрамында Милан қаласындағы «La Scala», Монте-Карлодағы Опера, Буэнос-Айрестегі Колон театры, Мадридтегі Король театры, Висбаден мемлекеттік театры сынды танымал театр басшылары бар.

Қатысушылар бірнеше кезеңнен өтеді. Ең әуелі қатысушылар алдын ала тыңдаудан өтеді. Кейін оркестрдің сүйемелдеуімен Piazzetta di Portofino деп аталатын Портофиноның орталық алаңында өтетін финалға қатысады. Бұл іс-шара гала-концертпен аяқталады.

Әйгерім Алтынбек әлемнің 50-ге жуық елінен келген 92 қатысушыны басып озып, классикалық вокал өнерінде Қазақстанның орнын айшықтап берді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте ит-мысықпен тамақтанған балалермен кері байланыс жүргізбеген мектеп әкімшілігіне сөгіс берілді

redaktor_qazyr

Семейде өңірлік азаматтық форум өтті

admin_qazyr

Жетісуда ұстаздар марапатталды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz