Qazyr.kz порталы
Аймақ

Ақтауда тұңғыш рет «TurkicSkills 2025» халықаралық шеберлік чемпионаты басталды

Ақтау қаласында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында алғаш рет «TurkicSkills 2025» І Халықаралық шеберлік чемпионаты өз жұмысын бастады. Білім бәсекесінде Венгрия, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген 53 қатысушы бақ сынайды. Оның ішінде Қазақстанның әр өңірінен 10 студент қатысып жатыр, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.

Жарыс 10 құзыреттілік бойынша өтеді. Атап айтқанда: бизнеске арналған ІТ шешімдер, веб технологиялар, дрондарды басқару, графикалық дизайн, сантехника және жылыту, электромонтаж, дәнекерлеу, автокөлік жөндеу, аспаз ісі және сән технологиясы.

Бағдарлама аясында инновациялық көрмелер, «Педагогтерді трансформациялау орталығы» тренингі, «Caspian» халықаралық фестивалі, дрон технологиялары жөніндегі семинарлар ұйымдастырылады. Ауқымды шара 9 қазанға дейін жалғасады.

Чемпионаттың негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кәсіби дайындық стандарттарын жетілдіру және түркітілдес елдер арасындағы кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы Қытай туристеріне есігін айқара ашты

admin_qazyr

Хэн Файн Вонг: Алатау қаласы озық технологиялар трансферін және инновацияларды кең ауқымда таратуды қамтамасыз етеді

admin_qazyr

Алматы облысында Орталық Азиядағы ең ірі мультимодальды логистикалық хаб салынады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz