Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Ақтөбеде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

Ақтөбеде табиғатты қорғау және жастардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында кезекті маңызды шара ұйымдастырылды деп хабарлайды Qazyr.kz

«Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы мен Ақтөбе орман шаруашылығының бірлесіп, Ақтөбе су қоймасында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» атты экологиялық акциясын өткізді.

Аталған шараға «Jasyl El» жастар еңбек жасақтарының эко-гвардия отрядының 30 белсенді сарбазы қатысты. Қатысушылар өз бастамаларымен табиғатқа жанашырлық танытып, Ақтөбе су қоймасының маңайын тұрмыстық қалдықтар мен пластик, қағаз және өзге де қоқыстардан тазартты.

Экологиялық акция барысында ондаған қап қоқыс жиналып, арнайы техникамен шығарылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар табиғи аумақтарды сақтауға ғана емес, жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға да сеп болады.

— Бұл акция — тек сенбілік емес. Біз жастарды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға ұқыппен қарауға үйретіп келеміз. Жас сарбаздарымыз өз еңбектерімен көпке үлгі бола алады, — дейді Ақтөбе орман шаруашылығының өкілі.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасып жатыр. Оның аясында орман алқаптары, өзен-көл жағалаулары мен елді мекендер маңы тазартылып, экобілім беру жұмыстары жүргізілуде.

Табиғат тазалығы – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Ақтөбелік жастардың бастамасы өзгелерге де ой салып, айналаны таза ұстауға үндейді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Ақжар мен Монтайтас ауылының шекарасында қандай қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр?

redaktor_qazyr

EXPO-2025: Жапонияда донорлық органдарды сақтауға арналған бірегей Alem аппараты ұсынылды

admin_qazyr

Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz