Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматыда «Тұздыбастау» қосалқы станциясы пайдалануға берілмек

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қала бойынша жүргізілген жұмыс сапары барысында «Тұздыбастау» қосалқы станциясының құрылыс нысанында болды. Сапар кезінде нысандағы жұмыстардың барысы тексеріліп, оның іске қосылу мерзімі мен қала аумағының энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Qazyr.kz

110/10-10 кВ қуаттылығындағы «Тұздыбастау» қосалқы станциясы Түрксіб және Медеу аудандарын, сондай-ақ Алматы облысына қарасты елді мекендерді сенімді электр энергиясымен қамтуға бағытталған. Жоба жүзеге асқанда жаңа тұрғын аудандар, әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындары электр желісіне қосылып, қолданыстағы желілерге түсетін жүктеме азаймақ.

«Инженерлік инфрақұрылымды дамыту – қаланың тұрақты өсімінің негізі. «Тұздыбастау» қосалқы станциясы жаңа аудандарды үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етіп, желілердің сенімділігін арттырады. Ең бастысы – жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтау», – деді Алматы әкімі Дархан Сатыбалды.

Жоба аясында 110/10-10 кВ жабық қосалқы станциясының құрылысы, ұзындығы 7,8 шақырым болатын 110 кВ кабель желісін және жалпы ұзындығы 14 шақырымнан асатын 10 кВ тарату желілерін төсеу жұмыстары орындалған. Қазіргі таңда соңғы іске қосу және жабдықтарды сынау жұмыстары жүргізілуде.

«Тұздыбастау» қосалқы станциясының іске қосылуы Алматының энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын арттырып, қаланың жаңа аймақтарын дамытуға қосымша қуат қоры қалыптастырады.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл «Ұлы дала жорығы» Петропавлдағы Абылай хан резиденциясынан аттанады

redaktor_qazyr

Олжас Бектенов Polpharma Group өкілі Ежи Старакпен кездесті

admin_qazyr

Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz