Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті болып сайланды

Беларусьте өткен кезекті президенттік сайлауда Александр Лукашенко жеңіске жетіп, жетінші рет президенттік қызметіне кірісуге дайын. Республиканың Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, Лукашенко 86,82% дауыс жинаған. Бұл туралы ОСК төрағасы Игорь Карпенко мәлімдеді,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Александр Лукашенко алғаш рет 1994 жылы президент болып сайланған. Содан бері ол 2001, 2006, 2010, 2015 және 2020 жылдары өткен сайлауларда да жеңіске жетіп, Беларусь елін үздіксіз басқарып келеді. 70 жасқа толған саясаткер бұл жолы да өз көшбасшылығын сақтап қалды.

Лукашенконың ұзақ мерзімді билігі әлемдік саясатта ерекше құбылыс ретінде қарастырылады. Оның басқару кезеңінде Беларусь экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды бастан кешірді. Дегенмен, мұндай тұрақты билік халықаралық және ішкі аренада түрлі пікірлер тудырды.

Ұқсас жаңалықтар

Фариза Оңғарсынова — Мен сізді ұнатамын

redaktor_qazyr

Президент әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды

redaktor_qazyr

Шымкентте көліктерге ұрлыққа түскен 21 жастағы жігіт ұсталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz