Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

«Шымбұлақ» курорты «Ой-Қарағай» демалыс аймағымен аспа жол арқылы қосылады

Елордада Алматы тау туризмі кластерін дамыту мәселелеріне арналған жиын өтті. Жиынға Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ тау шаңғысы индустриясының өкілдері мен халықаралық компания мамандары қатысты.  Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Qazyr.kz. хабарлайды.

Кездесу барысында өңірдегі тау шаңғысы туризмін дамыту жобасы талқыланды. Жоба бойынша: «Шымбұлақ» курортын кеңейту және оны «Ой-Қарағай» демалыс аймағымен біріктіру жоспарланған. Алматыда тау кластерін дамыту жұмыстары аясында Шымбұлақ курортын кеңейту және аспалы жолдардың санын көбейту мәселесі айтылды.

Аспалы жолдар санын 13-тен 35-ке дейін арттыру;

Шымбұлаққа  бір күнде келетін туристер санын 6 мыңнан 24 мың адамға дейін ұлғайту қарастырылуда;

Тау шаңғысы трассаларының ұзындығын 41 шақырымнан 124 шақырымға дейін ұзарту айтылды;

Туристер санын жылына 5 млн. адамға дейін көбейту жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Балқашқа жол ашық, қоқысқа жол жоқ: «ecoBalqash» акциясы табиғат жанашырларын біріктірді

admin_qazyr

Президент Тоқаев Президент Джоко Видодоны Индонезияның Тәуелсіздік алған күнімен құттықтады

redaktor_qazyr

Жетісу облысында Наурызды мерекелеу аясында 240-қа жуық іс-шара өткізіледі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz