Qazyr.kz порталы
Аймақ

Алматы әкімі Әуезов ауданындағы жөндеу және абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Әуезов ауданындағы бірқатар маңызды нысандарды аралап, жөндеу және жобалау жұмыстарының барысымен танысты, сондай-ақ қалалық инфрақұрылым мен қоғамдық кеңістіктерді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Жұмыс сапары аудан әкімдігі ғимаратынан басталды. Қазіргі таңда мұнда әкімшілік ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілуде. Қала әкіміне құрылыс-монтаж және инженерлік жұмыстардың қазіргі кезеңі, белгіленген мерзімдердің сақталуы мен орындалып жатқан жұмыстардың сапасы жөнінде баяндалды. Сонымен қатар ішкі жоспарлауды жаңарту, инженерлік желілерді толықтай жаңғырту, қызметкерлер мен тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Одан кейін Дархан Сатыбалды Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Аралау барысында ғимараттың сәулеттік ерекшеліктерін сақтай отырып, оның функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған техникалық шешімдер қаралды. Нәтижесінде қала әкімі реконструкция барысына жүйелі бақылау орнатып, жұмыстардың сапасына қойылатын талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жұмыс сапары Сайран көлі маңы мен Үлкен Алматы өзенінің арнасына іргелес аумақты аралаумен қорытындыланды. Көшпелі талқылау кезінде аумақтың қазіргі жағдайы сарапталып, оны дамытудың кешенді тәсілін қолдану қажеттігі айтылды. Қала әкімі жоспарлау шешімдерін үйлестіру, қоғамдық кеңістіктің тұтас әрі ыңғайлы құрылымын қалыптастыру, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық беруді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыдағы Теректі шағынауданында 7000 тұрғынға арналған жаңа емхана ашылды

admin_qazyr

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өңірлік конференция өтті

admin_qazyr

Баум бағын абаттандыру жобасы таныстырылды: Алматы тұрғындарының пікірі ескеріледі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz