Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірэкономика

Алматыда автокөлік орындықтарын шығаратын зауыт іске қосылды

Алматының индустриалды аймағында автокөлік орындықтарын шығаратын Almaty Autoparts Production зауыты ашылды деп хабарлайды Qazyr.kz. Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа зауыттың ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров, ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі Индустрия комитетінің төрағасы Азамат Панбаев, Yongsan компаниясының төрағасы Пак Чон Бом және «Астана Моторс» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов қатысты.

Almaty Autoparts Production зауыты жылына 100 000 автомобиль орындықтарын  өндіруді жоспарлауда.  Кәсіпорын мультимедиялық жүйелер, автомобиль орындықтары және басқа да автокомпоненттер өндірісін біріктіретін технопарктің бір бөлігіне айналады.

Зауыттың жалпы аумағы 4 850 м², инвестиция көлемі – 4 млрд теңге. Бірінші кезеңде 65 жаңа жұмыс орны құрылды. Құрылыс 2023 жылдың үшінші тоқсанында басталып, 2025 жылдың наурызында  іске қосылды.

Кәсіпорынның басты мақсаты – автомобиль кластерін дамытып, машина жасау саласында білікті мамандар даярлау болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

Украинада басына оқ тиіп жарақат алған қазақ журналисі Айдос Садықов өмірден өтті

redaktor_qazyr

Түркістан облысында 302 мың гектар жер бақылауға алынды

admin_qazyr

Алматының Түрксіб ауданында 6100 оқушы орны мен балабақшада 260 орын ашылады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz