Qazyr.kz порталы
Қазір

Алматыдағы референдум учаскелерінде ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ – бақылаушылар

референдум

Алматы қаласының Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен республикалық референдумның аралық қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Жиында «Ер Азамат» қоғамдық бірлестігінің өкілі Алина Кан мен қоғам қайраткері Андрей Андреев дауыс беру барысын бақылаудың нәтижелері туралы айтып берді.

Алина Канның айтуынша, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша қаладағы референдум учаскелерінде дауыс беру үдерісі белгіленген заң талаптарына сай тыныш әрі тұрақты түрде өтуде.

— Қазіргі уақытқа дейін референдум барысында қандай да бір заңбұзушылық немесе дауыс беруге кедергі келтіретін төтенше оқиға тіркелген жоқ. Дауыс беру үдерісі жоспарлы, ұйымдасқан жағдайда өтуде. Учаскелерге әртүрлі жастағы тұрғындар белсенді қатысып жатыр. Әсіресе отбасымен келіп, дауыс беріп жатқандар көп. Барлық учаскелерде қалыптасқан достық, жайлы әрі сабырлы атмосфераны ерекше атап өткім келеді, — деді ол.

Қоғам қайраткері Андрей Андреев те өз бақылауларының нәтижесі бойынша референдум барысындағы заңбұзушылықтар мен олқылықтардың тіркелмегенін атап өтті.

«Біздің бақылаушылар тарапынан ешқандай құқықбұзушылық байқалған жоқ. Бұл тек Алматы қаласында ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де солай. Егер алдағы уақытта қандай да бір жаңа ақпарат пайда болса, біз ол туралы қоғамды міндетті түрде хабардар етеміз», – деді Андрей Андреев.

Брифинг барысында сарапшылар тұрғындардың жоғары белсенділігін ерекше атап өтті. Олар бұл саяси науқанның ашық әрі заңға сәйкес өтуі – елдегі демократиялық үрдістердің нығаюының бір көрінісі екенін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерді наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

redaktor_qazyr

Өскеменде «Таза ойындар» экологиялық жарысы өтеді

admin_qazyr

ШҚО-да әуежай құрылысы кезінде зақымданған жолды қалпына келтіреді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz