Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: «Бүгінгі таңдау – ертеңгі жарқын болашақтың іргетасы»

референдум

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумға қатысып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы бойынша өз таңдауын жасады, деп жазады Qazyr.kz.

Қала басшысы таңғы уақытта Алматыдағы сайлау учаскелерінің біріне келіп, дауыс берді. Дауыс беру барысында Дархан Сатыбалды референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, әр азаматтың осындай саяси іс-шараларға қатысуы мемлекеттің дамуына оң ықпал ететінін жеткізді.

– Бүгін Қазақстан үшін тарихи маңызы бар күн. Әрбіріміз азаматтық белсенділік танытып, еліміздің болашағына әсер ететін маңызды шешімдерді бірге қабылдауымыз қажет. Референдум нәтижесі мемлекетіміздің тұрақты дамуына, демократиялық үдерістердің одан әрі жетілуіне негіз болады деп сенемін, – деді қала әкімі.

Алматы қаласы бойынша дауыс беру үдерісін ұйымдастыру үшін таңғы сағат 07:00-де 653 референдум учаскесі ашылды. Қала тұрғындары таңғы уақыттан бастап учаскелерге келіп, азаматтық белсенділік танытып жатыр.

Барлық дауыс беру учаскелері заң талаптарына сәйкес жұмыс істеп тұр. Учаскелерде сайлаушылардың дауыс беруіне толық жағдай жасалған. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Учаскелер жұмысы аяқталған соң, референдумның қорытындысы шығарылады.

Қазіргі таңда қала тұрғындары референдумға белсенді түрде қатысып, өз таңдауларын жасауда. Азаматтардың осындай белсенділігі Алматы тұрғындарының мемлекет тағдырына деген жауапкершілігін және қоғамдағы саяси процестерге деген қызығушылығын көрсетіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады

admin_qazyr

Түркістан облысындағы вет қызметі басшысы әріптертеріне бөлінген сыйақы қаражатты өз пайдасына жаратып жіберген

redaktor_qazyr

Түркістан облысында азаматтарға 160 млн теңге шығын келтірген күдіктінің ісі сотқа жолданды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz