Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматыдан Ыстықкөлге жаңа әуе рейстері ашылды

Алматыдан Ыстықкөлге тұрақты әуе рейстері іске қосылады, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Жазғы маусымда қазақстандық және қырғызстандық авиакомпаниялар бұл бағытты өзара бөлісті. 27 маусымнан бастап қырғызстандық Asman Airlines Алматыдан Ыстықкөлге тұрақты рейстерді орындай бастайды. Ұшақтар аптасына екі рет — дүйсенбі және жұма күндері қатынайды.

3 шілдеден бастап бұл бағытқа қазақстандық бюджеттік тасымалдаушы Fly Arystan да қосылады. Компания Алматы мен Ыстықкөл арасындағы рейстерді бейсенбі және жексенбі күндері орындайды. Осылайша, жолаушылар жаз бойы Алматы мен Ыстықкөл арасында аптасына төрт рет тұрақты ұша алады.

Сонымен қатар, 3 шілдеден бастап өзбекстандық Centrum Air компаниясы да жаңа бағыттарды іске қосады. Енді Нүкүстен Алматыға және Ақтауға жаңа рейстер ашылады. Екі бағытта да ұшақтар аптасына екі рет ұшады. Билеттердің бағасы Алматыға бір миллион сомнан (шамамен 42 мың теңге), ал Ақтауға 1,6 миллион сомнан (шамамен 67 мың теңге) басталады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

«250 мың теңге алған» Созақта жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

redaktor_qazyr

Сапалы ауыз су Жетісай ауылдарына жетті

admin_qazyr

Шымкентте жас жігітті жүк пойызы басып кетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz