Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

Қазақстанда баланың ұлтын анықтау тәртібі өзгереді

Қазақстанда баланың ұлтын анықтау тәртібіне өзгерістер енгізу ұсынылды деп хабарлайды Qazyr.kz

Бұл бастаманы Конституциялық соттың төрайымы Эльвира Азимова көтерді. Мәселе жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова пікір білдірді.

Министрдің айтуынша, ендігі жерде баланың ұлтын тек әке жағынан ғана емес, анасының ұлты бойынша да рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылады. Бұған себеп — өмірде жиі кездесетін түрлі жағдайлар.

«Бұл екі жақты шешім болады. Бұған дейін ұлты әке жағынан ғана анықталып келген. Мәселен, қандас мәртебесін рәсімдеу кезінде анасы қазақ болса да, құжат бойынша баланың ұлты әке жағынан белгіленгендіктен қиындықтар туындаған жағдайлар болды», — деді Светлана Жақыпова Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

Оның айтуынша, кей жағдайда әкелер жаңа туған нәрестеге өз тегін де, ұлтын да рәсімдеуге асықпайтын жағдайлар кездеседі. Сол себепті, бұл мәселені Конституциялық сотпен және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қарау жоспарланып отыр.

Министр бұл құзырет Ішкі істер министрлігінің қарауында екенін атап өтті. Жаңа ереже қабылданса, ата-аналар баланың ұлтын өзара келісіп таңдайтын болады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Елу жыл бұрынғы есті сөз

redaktor_qazyr

Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы тағайындалды

admin_qazyr

Су тасқыны орын алған аймақтардағы мектептерде сабақ онлайн форматқа көшіріледі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz