Qazyr.kz порталы
Қазір

Алматының өндіріс орындары экологиялық акцияға атсалысты

Алматыда кәсіпорын қызметкерлері көктемгі тазалық жұмыстарын белсенді атқаруда, деп жазады Qazyr.kz.

Қалада өтіп жатқан дәстүрлі сенбілік пен көгалдандыру жұмыстарына Алматы ауыр машина жасау зауыты (АЗТМ) және «Асфальтобетон 1» кәсіпорындарының қызметкерлері де қатысты.

АЗТМ қызметкерлері кәсіпорын аумағында және іргелес жатқан скверде санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Ұжым қоқыстарды жинап, жапырақтарды тазалады, жүргіншілер жолдары мен жасыл аумақтарды ретке келтірді.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасымен бірлесіп, зауыт аумағында ағаш көшеттерін отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Шараға зауыт жұмысшылары, экологиялық қызмет өкілдері және еріктілер атсалысты.

Қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Тазалық және көгалдандыру жұмыстарына кәсіпорынның барлық бөлімшелерінен қызметкерлер жұмылдырылды.

«Бұл шаралар – қаламыздың тазалығы мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлкен үлес. Біз «Таза Қазақстан – таза қала» акциясын толық қолдаймыз», – деді АЗТМ бас директорының орынбасары Асхат Тілеубердиев.

Ал «Асфальтобетон 1» кәсіпорнының ұжымы да өндірістік алаң мен жақын маңдағы аумақты тазарту жұмыстарын жүргізді. Олар арықтарды тазалап, қоғамдық орындарда қоқысты жинап, аумақты ретке келтірді.

Кәсіпорындардың осындай экологиялық іс-шараларға белсене қатысуы қаланың санитарлық жағдайын жақсартып, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға оң ықпалын тигізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Оралдағы «Құс фабрикасы» саяжайының тұрғындары жарықсыз қалып,халық ереуілге шықты

redaktor_qazyr

Жәнібек Әлімханұлы Астанада чемпиондық жекпе-жек өткізеді

redaktor_qazyr

Қарағанды облысындағы шахтадан қаза болған кеншілердің аты-жөндері белгілі болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz