Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Алтынемел ұлттық паркінде Қызыл кітабқа енген аңдарға санақ жүргізілді

Атынемел ұлттық паркінде жабайы аңдар популяциясына санақ жүргізіліді. Іс-шараның негізгі мақсаты-еліміздің Қызыл кітабына енгізілген арқар, құлан және қарақұйрық популяциясын түгендеу деп хабарлайды Qazyr.kz.

Жыл сайынғы  қысқы санаққа Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «» РМҚК,  Зоология институты, Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы ұйымының өкілдері қатысты. Аталмыш жұмыстар  ашық, желсіз күні жиырма есепшіден тұратын жеті топпен жүргізілді.

Екі күндік жұмыстың нәтижесінде ұлттық парк аумағында 5,5 мыңға жуық қарақұйрық және 190-ға жуық арқар  мекен ететіні анықталды. Ал, Алтынемелдегі құландар саны 3,6 мың басты  құрады. Айта кету керек, бұл Қазақстандағы ең көп құлан популяциясы. Тұяқтылар санының тұрақты өсуі жануарларды басқа тарихи мекендеу орындарына қайта  жіберуге мүмкіндік береді.

Мәселен, былтыр  87 бас жануар  «Алтын дала», «Іле-Балқаш» резерваттарына және «Созақ» орманшылығына қоныстанды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

admin_qazyr

Астана қаласында қытай көпфункционалды орталығы ашылады

redaktor_qazyr

17-23 қараша аралығында Алматыда жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан ІІ Әлем чемпионаты өтеді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz