Qazyr.kz порталы
экономика

Қазақстанның ірі салық төлеушілері ESG қағидаттарын қалай сақтап отыр?

ESGQ рейтингтік агенттігі Қазақстанның ірі салық төлеушілерінің ESG және орнықты даму қағидаттарын қаншалықты ұстанатынына арналған аналитикалық шолу жариялады. Зерттеу 2024 жылғы деректерге негізделіп, 2025 жылы жарияланған. Жоба ESGQ сарапшыларының, сондай-ақ Қазақстан-Британ техникалық университеті мен Назарбаев Университетінің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен халықаралық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды.

Зерттеу барысында компаниялардың қаржылық немесе өндірістік есептері емес, олардың ресми корпоративтік сайттарында және басқа да ашық онлайн-ресурстарда жарияланған ақпарат талданды. Мұндай тәсіл компаниялардың экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару салаларындағы қызметі туралы қоғамға қаншалықты ашық ақпарат беретінін бағалауға мүмкіндік берді.

ESG есебін кім қалай берді

Талдау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған ірі салық төлеушілер тізімі негізінде жүргізілді.Зерттеуге барлығы 356 компания қамтылды, олардың 85%-ы жекеменшік, ал 15%-ы квазимемлекеттік ұйымдар. Компаниялардың басым бөлігі жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен акционерлік қоғам нысанында тіркелген. Қамтылған компаниялар экономиканың шамамен 20 саласын қамтиды.

Зерттеу нәтижелері ESG ақпаратының ашықтығында елеулі алшақтық бар екенін көрсетті. Компаниялардың 75%-ы мүмкін болатын 22 балдың ішінен 7,5 балдан төмен нәтиже алған. 190 компания шектеулі немесе толық емес мәлімет ұсынса, 114 компания ESG және Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша өз қызметі туралы мүлде ақпарат жарияламаған.

Сонымен қатар, 52 компания жоғары деңгейдегі ашықтықты және ESG ақпаратын жариялауда жүйелі тәсілді көрсетіп, көшбасшылар қатарына енді. ESG бағыттары бойынша ең жоғары көрсеткіштер әлеуметтік салада тіркелді компаниялар қызметкерлер, еңбекті қорғау және әлеуметтік бастамалар туралы ақпаратты жиі жариялайды. Экологиялық бағытта көшбасшы компаниялар орташа деңгейден едәуір озық.

Ал БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қосқан үлес ең аз ашылған бағыт болып қалуда: компаниялардың басым бөлігі не ең аз ақпаратпен шектеледі, не мүлде жарияламайды. Корпоративтік басқару бойынша да ақпараттың ашықтығы төмен деңгейде. Маңызды мәліметтер көбіне корпоративтік сайттардың әртүрлі бөлімдерінде орналасқан, бұл оларды қабылдауды қиындатады.

Қазақстанның ESG-сыны

Салалар тұрғысынан алғанда, ESG көрсеткіштері бойынша көлік-логистика секторы (оның ішінде авиация), сондай-ақ энергетика және экология салалары көш бастады. Ең төмен медианалық көрсеткіштерді бөлшек сауда мен креативті индустриялар көрсетті.

Сарапшылар мұның себебі қызметтің болмауында емес, реттеушілер мен мүдделі тараптар тарапынан қысымның жеткіліксіздігінде екенін атап өтеді. Зерттеу аясында ESG және орнықты даму қағидаттарына бейілділігі бойынша Қазақстанның ірі салық төлеушілерінің топ-10 тізімі де жасалды. Машина жасау салалық тобында 3-орынды ESG тәжірибелеріне жүйелі әрі ашық көзқарас көрсеткен «ERG Service» ЖШС («И-Ар-Джи Сервис») иеленді.

Айта кету керек, Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы 2024 жылдан бастап Орталық Азия климаттық қорына демеушілік қолдау көрсетіп, өңірлік бастамаларды белсенді түрде қолдап келеді. Мұндай бастамалар компанияның экология мен климат саласында жауапты бизнес жүргізу жөніндегі стратегиялық бағытына берік екенін көрсетеді.

Сарапшылар ESG қағидаттарын сақтау — жай ғана формалдылық емес, бизнестің ұзақ мерзімді тұрақтылығының, іскерлік беделінің және бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы екенін атап көрсетеді. ESGQ шолуы компанияларды ашықтық деңгейін арттыруға, орнықты даму саласындағы жұмысты жүйелеуге және мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды нығайтуға шақырады. Қазақстанда ESG мәдениеті белсенді қалыптасу кезеңінде, ал осы салада бүгінде көшбасшылық танытып жүрген компаниялар болашақта елеулі артықшылықтарға ие болады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Экономикадағы өсім және статистикалық дектердің мәні неде?

admin_qazyr

Энергетика министрлігі мен PowerChina зерттеу орталығын құрады

admin_qazyr

Балқаш көлі туристерге дайын: электр, су, жол іске қосылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz