2025 жылдың күзінде «Almaty Superski» жобасының жаңартылған мастер-планы бекітілді. Алматы тау кластері, яғни АТК аясында тау-шаңғы курорттары, инфрақұрылым, канат жолдар, қонақ үйлер, сервистік және туристік нысандар салу көзделуде.
Бұл Австрия, Норвения, Италия мен Швейцарияның моделіне келеді. Және инфрақұрылым салынып, дамыған сайын, керісінше жергілікті экология жақсаратыны тіркелген. Ақылмен істесек, керісінше ұтайын деп тұрмыз.
Ресми болжам бойынша, Алматы тау кластері 2029 жылға дейін орталық Азиядағы ірі, «жыл-бойы» жұмыс істейтін туризм жобасына айналады. Бұл тек «кішкентай шаңғы курорты» емес, Алматы экономикалық дамуында ірі драйвердің бірі ретінде қарастырылып отыр.
Ал экономикаға әсері бар ма?
Егер Алматы тау кластері құрылған жағдайда 10 000-нан астам жаңа тікелей жұмыс орны ашылмақ. Сонымен қатар, туристік және сервистік сала (қонақүйлер, мейрамханалар, транспорт, логистика, қызмет көрсету) арқылы жанама жұмыс орындары мен бизнес өсімі күтілуде.
Мысалы, бұған дейін салынған Oi‑Qaragai шаңғы курортына тартылған жеке инвестициялар 83,2 млрд теңгеге дейін жетті. Ал орасан кластер деңгейінде мұндай инвестициялар әлдеқайда көп болуы мүмкін.
Қазір Алматыға жыл сайын шамамен 3 миллион турист тартып жүр. Тау кластері жасалса, жыл бойғы туристер саны 7 миллионнан оңай асатын еді. Мысалы, Вьетнамның Дананг деген елді-мекенінде жеке инвестор таудың басында Будданың алақаны ұстап тұрған көпір салып қойған. Соған тек суретке түсу үшін биыл 11 миллион турист барыпты. Вьетнам бізге туризмның экономикалық мультипликатор екенін анық дәлелдеді. Туризмге салынған әр 1 доллар инвестиция 24 айда 3-5 доллар болып қайтып келген.
Алматы тау кластері жобасының экономикалық әсері зор, бірақ оны жүзеге асыру мұқият жоспар, инфрақұрылым, экология, заңнамалық және әлеуметтік диалогты талап етеді. Бірақ дамығымыз келсе, жобалардан қорықпай алға жүруіміз керек.
Айбар Олжаев

