Qazyr.kz порталы
Аймақэкономика

Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық ахуалы тұрақты өсім көрсетті

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өткен баспасөз мәслихатында Нариман Төреғалиев облыстың негізгі экономикалық өсім көрсеткішіне тоқталды. 

Облыс экономикасының негізгі салалары бойынша тұрақты өсімге қол жеткізген. Атап айтқанда, құрылыс саласындағы жұмыстар көлемі  9%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 4,1%-ға артып, негізгі капиталға салынған инвестициялар  1,2%-ға өсті. Ішкі сауда көлемі 0,7%-ға, көлік қызметтері 1,2%-ға, байланыс қызметтері 6,2%-ға, өнеркәсіп 3,6%-ға, ал ауылшаруашылығының жалпы өнімі 6,4%-ға артты.

Өткен үш жылда жалпы өңірлік өнімнің көлемі 4,4 трлн теңгеден 4,7 трлн теңгеге немесе 6,5%-ға өсті. Облыс бюджеті 33,5% ұлғайып, 475 млрд теңгеден 634 млрд теңгеге жетті. Мемлекеттік бюджетке 1,6 трлн теңге түсті, оның ішінде 597 млрд теңге жергілікті бюджетке, ал 990 млрд теңге республикалық бюджетке бағытталды. Сонымен қатар Ұлттық қорға 2,8 трлн теңге аударылды.

Орташа айлық жалақы 316 мың теңгеден 369 теңгеге немесе 16,6 пайызға артты.

 

Ұқсас жаңалықтар

Жетісу облысында құс етін өндіретін жаңа кәсіпорын ашылады

admin_qazyr

Астананың айналасындағы ауылдар көгілдір отынға қосылуда

admin_qazyr

Алматыда «Даму» қоры 2,3 трлн теңгеге 20 мыңнан астам жобаны қолдады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz