19.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды

Бишімбаев пен Байжановтың ісі бойынша үкім шықты. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.

Алқабилер алқасының үкімімен Қ.Бишімбаев жәбірленуші С.Нүкенованы 2023 жылғы наурыз айының ортасынан бастап 9 қарашаға дейін кінәліге материалдық тәуелділікте болған адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану арқылы дене және психикалық зардап шеккені үшін (ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы); сондай-ақ 09.11.2023 жылы С.Нүкенованы өлтіргені, яғни аса қатыгездікпен басқа адамды заңсыз қасақана өлтіргені (ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі, 5-тармағы) үшін кінәлі деп танылды.

Ал Б.Байжанов 09.11.2023 жылы Қ.Бишімбаев жасаған аса ауыр қылмысты уәдесіз жасыру бойынша кінәлі деп танылды(Қылмыстық кодекстің 432-бабы).

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, аудио-бейнематериалдармен, сараптамалық қорытындылармен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді.

Прокурор Бишімбаевты 24 жылға, Байжановты 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жазалау туралы шешім
Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағының санкциясында 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Байжановқа – 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру (ҚК 55-бабының 2-бөлігі ескеріліп) жазасы тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл Қазақстанда жаңа оқу жылында 3.9 млн-нан астам оқушы мектепке барады

redaktor_qazyr

БҚО жастарына арналған «Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжаттар қабылдау басталды

admin_qazyr

Қазақстан спорты легионерлерге бір тиын да қаржы төлемейді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz