Qazyr.kz порталы
Қазір

Вашингтондағы келісім: ЖИ және «ақылды көлік» саласында стратегиялық серіктестік басталды

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен америкалық BETA Technologies компаниясы ақпараттық технологиялар мен электрлік авиация саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Ertenmedia.kz.

Келісім пилоттық жобаларды іске асыру және электрлік ұшақтар, озық технологиялар мен интеллектуалды көлік жүйелері саласындағы инновациялық шешімдерді ілгерілету бойынша бірлескен жұмысты көздейді.

– Қазақстан жаңа технологиялық бағыттарды жүйелі түрде дамытып, инновацияларды енгізуге қолайлы орта қалыптастыруда. BETA Technologies компаниясымен ынтымақтастық өңірдегі көшбасшылығымызды нығайтып, «ақылды» және экологиялық таза көлік шешімдерін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдеміз, – деп атап өтті ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Меморандумға қол қою рәсімі Вашингтонда, C5+1 бизнес-конференциясының аясында өтті. Іс-шара Орталық Азия елдері — АҚШ арасындағы технология және орнықты даму саласындағы серіктестік мәселелерін талқылауға бағытталған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан пойыздарында спутниктік интернет іске қосылды

redaktor_qazyr

Жетісу облысының барлық елді мекені 2025 жылдың соңына дейін орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі

admin_qazyr

Қазақстан мен Мажарстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz