Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Дархан Сатыбалды Катардың Power International Holding компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Катардың Power International Holding компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар демалыс пен ойын-сауық индустриясы, бөлшек сауда және цифрлық технология салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады,- деп хабарлайды Qazyr.kz

Power International Holding компаниясының Катарда, Мальдив аралдарында және өзге де елдерде кешенді жобаларды жүзеге асыруда халықаралық тәжірибесі бар. Тараптар Алматының әлеуеті мен қолайлы инвестициялық ахуалын ескере отырып, қалада бірлескен жобаларды іске қосудың маңыздылығын атап өтті.

Дархан Сатыбалды Алматы қаласы еліміздің ішкі жалпы өнімінің төрттен бірін қамтамасыз ететінін және халықаралық бастамаларға ашық екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан мен Катар арасындағы екіжақты ынтымақтастық деңгейінің жоғары екенін және мегаполистің ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

PIH өкілдері өз кезегінде нақты серіктестік бағыттарын пысықтауға дайын екенін білдіріп, Алматыны өңірдегі экономикалық өсімнің негізгі орталығы ретінде жоғары бағалады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Алматы мен Чэнду арасында тікелей әуе рейсі ашылады

admin_qazyr

Президент Тоқаев су тасқынының салдарын еңсеру үшін әр аймаққа елдің ірі кәсіпкерлері бекітілетінін айтты

redaktor_qazyr

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы инватакси қызметін көрсету жоспарлануда

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz