Qazyr.kz порталы
ӘмбебапЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Президент Тоқаев пойызда ұлттық ұлан сарбазын ұрған белгісіз жігіттерді жауапқа тартуға тапсырма берді

Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты.Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Республикалық трансферттер мен жергілікті бюджеттің болжамды кірістері: алдағы үш жылдағы сценарий

admin_qazyr

Банктер мемлекеттен алған ақшаны қайтаруда

admin_qazyr

Америкадан 369 қазақстандық депортацияланады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz