Qazyr.kz порталы
Қазір

Хасан Қасымбаев: мен өз кінәмді мүлде мойындамаймын

Адам ұрлау, соққыға жығу және қорқытып ақша алу ісі бойынша айыпталған, БАҚ-та «Хуторские» ҰҚТ жетекшісі деп аталған Хасан Қасымбаев сотта өз кінәсін мойындамады, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Прокурор Хасан Қасымбаевқа қатысты айыптау актісін оқып шыққаннан кейін судья Айнагүл Тұкубаева айыпталушылардан айыппен келісесіздер ме деп сұрады.

«Мен өз кінәмді мүлде мойындамаймын», – деп жауап берді Қасымбаев.

Руслан Алиев бұзақылықты мойындағанымен, қалған айыптарды жоққа шығарды.

Мадияр Калимжанов та бұзақылық бойынша кінәсін жартылай мойындап, өзге айыптармен келіспейтінін айтты.

Сайлау Ақжанов кінәсін мойындамады.

Данияр Асқаров та толықтай кінәсін жоққа шығарды.

Нұрмұхаммет Сұлтанбеков те кінәсін мойындамады.

Бұған дейін сотта прокурор Ерлан Құланбаев айыптау актісін жариялап, онда адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу (жәбірленуші – ММА спортшысы әрі жаттықтырушы Арман Әлімов) және қорқытып ақша алу (жәбірленуші – Арипжан Тәжіев) деректері баяндалған болатын.

Кейін прокурор Арман Әлімовтің соққыдан алған жарақаттарына қатысты сот-медициналық сараптама қорытындысын жария етті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Ақтау қалалық сотының төрағасы 18 млн пара алып ұсталып қалды

redaktor_qazyr

Қасым-Жомарт Тоқаев Huawei Technologies Co. LTD директорлар кеңесінің төрағасы Хуа Лянді қабылдады

admin_qazyr

Қазақстанда бірыңғай QR және антифрод-орталық: цифрлық қаржы жүйесі жаңғыруда

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz