Qazyr.kz порталы
Әлем

Иранмен соғыс АҚШ-тың миллиардтарын жұтып жатыр

миллиард соғыс құны

АҚШ-тың Иранмен соғыстағы алғашқы алты күндік шығыны 11 миллиард доллардан асты, деп жазады Qazyr.kz.

The New York Times басылымының хабарлауынша, бұл туралы Пентагон өкілдері Конгреске арналған жабық брифингте мәлімдеген. Аталған сомаға Иранға қарсы соғысқа дайындық шығындары кірмеген, сондықтан нақты сома бұдан да көп болуы ықтимал.

Бұған дейін америкалық БАҚ алғашқы екі күннің өзінде ғана АҚШ әскерилері құны 5,6 миллиард долларды құрайтын оқ-дәрі қолданғанын жазған болатын. Ал CSIS талдау орталығы соғыстың алғашқы 100 сағатындағы шығынды 3,7 миллиард долларға бағалады.

Iran War Cost Tracker ресурсының мәліметінше, 12 наурыз таңертеңгі жағдай бойынша АҚШ-тың соғысқа жұмсаған жалпы шығыны 17 миллиард доллардан асқан. Қазір соғысқа шамамен күніне 1 миллиард доллар кетуде. Сарапшылар бұл сомаға ардагерлерді қамтамасыз ету сияқты ұзақ мерзімді шығындар әлі есептелмегенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

CONNECTED сарапшылары болашақ туралы маңызды жаһандық нарративтерді талқылады

redaktor_qazyr

Қазақ әдебиетінің асыл мұрасын зерттеген көрнекті тұлға Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті

redaktor_qazyr

Ильхам Әлиев пен Владимир Зеленский Давоста кездесу өткізді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz