Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Полиция күнімен құттықтады

 Қасым-Жомарт Тоқаев Полиция күнімен құттықтады

Құрметті полиция қызметкерлері!

Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Сіздер заң мен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер.

Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды.

Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін.

Әрдайым абырой биігінде болыңыздар!
Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!,-деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

«Боди массаж жасатады» Атырауда мешіт жамағаты имамның қылығына арызданды

redaktor_qazyr

Қарағандыда 5 көлік соқтығысқан жол апаты болды

Redaktor Site

Орталық Азия елдері өздерінің көлік-логистика кешенін қалыптастыруда

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz